Бокс: Жастардан қыздар арасында Черногория турнирінде кімдер сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM – Әлем кубогы аталып кеткен «Адрия інжуі» жарысына қатысу үшін бокстан қыздар арасындағы жастар құрамасы бүгін Будваға ұшып барды. Аға бапкер Жангелді Ахметов 3-9 наурыз аралығында өтетін бәсекеге 11 салмақта 14 боксшыға сенім артып отыр. 

ҚР Бокс федерациясы
Фото: ҚР Бокс федерациясы

Аталған турнирде ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі төмендегідей:

48 келі. Айым Танкибаева

50 келі. Сила Биболсынқызы

52 келі. Рахмина Абдумежитова

54 келі. Лия Абдуллаева

57 келі. Ақнұр Тұрсынғали, Регина Тибенова

60 келі. Нұрай Күнгейбай, Толғанай Қасымхан

63 келі. Алина Құдайгенова

66 келі. Ақбота Есімбекова, Айсұлу Мұхит

70 келі. Мария Сидоренко

75 келі. Зарина Толыбай

+80 келі. Сабина Жақсылық.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жастар арасында ерлер құрамасын жаттықтыратын бас бапкер Мақсат Бақтыбазаров аталған турнирде сынға түсетін боксшылар тізімін жариялаған болатын. 

Биыл бұл бәсекеге 20 дан аса ел қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар