15:03, 30 Маусым 2025 | GMT +5
Боксшы Әнел Сақыш қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, жеңді
АСТАНА. KAZINFORM – Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр. Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде германиялық Татьяна Обермайермен жұдырықтасты.
Нәтижесінде Әнел Сақыш үш мәрте қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.
Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.