Боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Марал Төлепберген
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабрина Чакомановамен кездесті.

Нәтижесінде өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Осыған дейін Бибарыс Әшірбайдың жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шыққаны туралы жаздық.