Боксшы Римма Волосенко лицензиялық турнирді сәтті бастады

Римма Волосенко
Фото: OLYMPIC.KZ

АСТАНА. KAZINFORM - Таиландының Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 27 мамырда Римма Волосенко (60 келі) қарсыласын жеңді.

Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегінде Фелиситас Мария Ганглбайер (Германия) шаршы алаңға шықты. 

Кездесу барысында қос боксшы тартысты бәсеке өткізді. Нәтижесінде Римма жеңімпаз болып танылды.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан 25 мамырда Назым Қызайбай (50 келі) Николь Дурикованы жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Ал Валентина Хальзова (75 келі) бүгін, түстен кейін рингке шығады.

Сондай-ақ, әйелдер құрамасында енді Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі) сынға түседі.

Ерлер құрамасынан Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) 1/32 финалда филиппиндік Кристиан Питт Лорентті қапы қалдырды.

Соңғы жаңалықтар