Боксшы Санжар Матасов жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды

АСТАНА.KAZINFORM - Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Санжар Матасов финалға шыға алмады.

жасөспірім
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде Санжар Өзбекстан спортшысы Диербек Муродилоевпен кездесті.

Өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Матасов турнирді қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін бокстан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Рамина Маханова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болғанын жазған едік.

Он боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шыққан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар