Боксшы Виктория Графеева әлем чемпионаты финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Виктория Графеева (60 келі) финалына жолдама алды.

Ол жартылай финалда сербиялық Наталья Шадринамен кездесті. Жекпе-жек барысында Вктория жинақы қимылдай білді. Нәтижесінде қарсыласын 4:1 еесбімен тізе бүктірді.
Енді 48 келі. Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Наталья Богданова (70 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) сынға түседі.
Ширек финалда Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Надежда Рябец (75 келі) жарысты аяқтады.
Сондай-ақ оған дейін Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберді.
Финалдық жекпе-жектер 16 наурызға белгіленген.