Боксшы Жаңқош Тұраров өзіне жалған айып тағылғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты түсінік берді.

Жанқош Тұраров
Фото: Жанқош Тұраровтың жеке мұрағатынан

«Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын. 

Маған таңертеңнен бері миллион хабарлама келді. Өзім таңғалып отырмын, бұл ақпарат жалған. Бұл - жала жабу! Мен тексерілмеген, жалған ақпарат таратқаны үшін БАҚ өкілдерінің үстінен де арыз жазып, сотқа жүгінемін», - деп жазды Instagram парақшасында

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды

Алматы қалалық полиция департаменті агенттік тілшісінің сауалына орай, қылмыстық іс қозғалғанын растады. Бірақ айыпталушының жеке басына қатысты мәліметті нақтыламады.

Соңғы жаңалықтар