Боксшы М.Вольнова Мемлекет басшысына Лондон Олимпиадасынан жеңіспен оралуға уәде етті

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондон олимпиадасына баратын еліміздің спортшыларын қабылдауы кезінде боксшы  Марина Вольнова Лондон Олимпиадасынан жеңіспен оралуға уәде берді.
None
None

Кездесу барысында Олимпиада ойындарының бағдарламасына қыздар боксының алғаш рет енгізілгендігін атап өткен Мемлекет басшысы осы ретте Лондонда қазақ елінің намысын қорғайтын былғары шеберіміз Марина Вольноваға сөз берген еді.

«Біз Қазақстан спорты үшін әлем алдында ашық мақтана аламыз. Осы ретте Сіздің және мемлекетіміздің ел спорты мен денешынықтыру саласына жасап отырған қамқорлығы шексіз. Халықаралық жарыстар барысында Қазақстанды, қазақ елін, Сіздің атыңыз арқылы танып, біліп жататындығына талай рет куә болдық және оны мақтан етеміз. Осы орайда ерекше шапағатыңыз үшін ерекше алғыс айтамыз», - деді ол.

Сонымен қатар М.Вольнова сарапқа салынған үш жолдаманың екеуін жерлесі Саида Хасенова екеуі жеңіп алып, олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алғандығын атап өтті. «Бұл біздің алғашқы жеңісіміз. Ендігі негізгі мақсат осы сапарда тек сіздің ақ батаңызбен ел намысын қорғау. Аса мәртебелі Президент жеңіспен ораламыз деп сендіруге рұқсат етіңіз», - деді боксшы қыз.

Соңғы жаңалықтар