Боксшы Мейвезер 200 млн доллар табысынан салық төлемеді деп айыпталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Салық басқармасы америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезерді 2015 жылы 22,2 млн доллар салық төлемеді деп айыптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «АР»-ға сілтеме жасап.
None
None

Сол жылы боксшы өзінің спорттық мансабындағы ең ірі жекпе-жегін өткізген болатын. Ол филиппиндік Мэнни Пакьяомен кездесіп, жеңіске жеткен еді. БАҚ мәліметінше, америкалық боксшы бұл айқасы үшін 200 млн доллар алған.

Кіші-Мейвезердің өзі 2015 жылы 26 млн доллар салық төлегендігін айтып отыр және қандай да бір қайшылықтар болған жағдайда оған ертерек хабарланар еді деген сенімде. 

Соңғы жаңалықтар