Боксшыларымыз бен балуандарымыз жаттығудан кейін қазы мен қара уылдырық жегісі келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанда спортшыларды тағаммен қамтамасыз етудің табиғи нормасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасын талқылау барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Осы ретте депутаттар вице-министрден заң жобасына енгізіліп отырған «табиғи норма» түсінігін тарқатып беруді сұрады.

«Спортшылардың жаттығу кезіндегі жүктемесі циклдік, күштік және қолданбалы деп үшке бөлінеді. Жүктеменің бұл үш түрінің айырмашылығы бар. Сондықтан калорияның жұмсалуына байланысты табиғи норма да әртүрлі болады», - деді ол.

Осы ретте сенатор Бірағаным Әйтімова спорттың кейбір түрлерінің белгілі бір деңгейдегі қажеттілігіне байланысты іріктелген етпен қамтамасыз ету жүргізіле ме деп сұрады.

«Біз жоғары жетістіктер спорты жайында айтып отырмыз. Біздің әрбір команданың спорттық медицинадан келген дәрігері бар және диетологтар да шақырылады. Олар спортшылар жаттығудан кейін қайта тез күш жинауы үшін қажетті ас мөлшерін анықтайды. Спортшылар мұны теріс көріп отырған жоқ. Дегенмен, бокс, күрес, дзюдо сынды күш қолданылатын спорт түрлерінің атлеттері қазы мен қара уылдырық сұрайды. Бұл тағамдар олардың тез күш жинауына көмектеседі», - деді С.Мұсайбеков.

«Бұл астамшылық. Ал біз споршыларды астамшылыққа дайындап отырған жоқпыз», - деді өз кезегінде сенатор.

Соңғы жаңалықтар