Боксшымыз Марина Вольнова бүгінгі жекпе-жегін сәтті өткізсе болғаны - ұлттық құраманың бастығы Қ. Манашев

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасынlа 75 келі салмақта шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Марина Вольнова үшін бүгінгі жекпе-жек аса ауыр болмақ.
None
None

Содан өтсе болғаны. Бүгін журналистерге сұхбат берген бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасының бастығы Қайрат Манашев осылай айтты.

«Оның бүгінгі қарсыласы - ұлыбританиялық Саваннах Маршал. Ол биылғы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Марина онымен әлі жұдырықтасып көрмеген. Сондықтан бұл жекпе-жек ол үшін ауыр болмақ. Бірақ содан өтсе, ары қарай алып кетеді деп ойлаймын», - дейді Қ.Манашев.

Айта кетейік, кеше, 5 тамыз күні 1/16 финалда Марина Вольнова  кениялық  Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Бүгін Астана уақыты бойынша 20:30-да ол ұлыбританиялық Саваннах Маршалмен күш сынасып көрмек.

Соңғы жаңалықтар