Бокстан ӘЧ: Алуа Балқыбекова жартылай финалға шықты

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол күндізгі сеесияда 48 келі салмақта түркиялық Эриван Барутпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер Алуаның басымдығын бірауыздан қолдады. Ал екінші раундта төрешілердің үшеуі оған дауыс берсе, екеуі түркиялық спортшыға қолдау білдірді.

Үшінші раундта да Алуа сенімді ойын көрсетті.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз жартылай финалға жолдама алды. Бұл - кем дегенде қола жүлде қоржынға түседі деген сөз.

Алуа Балқыбекова бұдан бұрын Азия чемпионы атанған. 2022 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алды.

Енді ел құрамасынан ширек финалға Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) сынға түседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатында 1/4 финалға шыққан спортшылар жөнінен Қазақстан көш басында тұр.


Соңғы жаңалықтар
telegram