Бокстан АЧ: Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунға жіберіп, финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрама капитаны, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда моңғолиялық Бьямберден Отгонбаатармен шеберлік байқасты.

Төрешілер есебі бастапқы екі раундта Асланбектің сәл ғана басымдылығын көрсетті. Дегенмен қазақстандық боксшы үшінші кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберді. Есеп – 4:1, Шымбергеновтің пайдасында.

Осылайша, Асыланбек Шымбергенов те финалға жолдама алды.

Бұған дейін кешкі сессияда финалға шыққан Сәкен Бибосынов 12 қараша күні соңғы бәсекеде олимпиада чемпионы, өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездесетін болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалға шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты.

Тағы бір қазақстандық әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.

Азия чемпионатында 3 боксшы финалға шықты.

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.

Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті.

Қамшыбек Қоңқабаев соңғы айқасқа жолдама алды.

Сәкен Бибосынов әлем чемпионын ұтып, финалға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар