19:46, 02 Мамыр 2023 | GMT +5
Бокстан ӘЧ: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 1/32 финалда Израиль өкілі Ахмад Штивимен жұдырықтасты.
С.Төлтаев қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты.
Санатәлі 1/16 финалда маврикиялық Ришарно Коленмен шеберлік байқасады.
Бүгін 1/8 финалға шыққан Сағындық Тоғайбайдың қарсыласы - өзбекстандық Шохжахон Абдуллаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос боксшының әлем чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бокстан әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаевтың рингке шығатыны хабарланды.
Сағындық Тоғамбай қарсыласын нокаутпен ұтты.
