Бокстан әлем чемпионаты: Аида Әбікеева 1/4 финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Аида Әбікеева
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Енмен жұдырықтасты.

Алғашқы үш минуттықта бірнеше соққыны жіберіп алған оңстүстіккореялық боксшы келесі раундтарда Аиданың осал тұсын таба алмады. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды. 

Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.

Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатында ¼ финалға өтті.

8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар