Бокстан әлем чемпионаты: Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

Ертуған Зейнуллинов
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Ертуған бұл кезеңде англиялық Патрис Мугалзаймен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қарсылас басым түсті. Бірақ екінші және үшінші үшминуттықта отандасымыз жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады.

Әлем чемпионатында тағы екі боксшы ширек финалға шықты.

Виктория Графеева 1/8 финалда англиялық қарсыласынан басым түсті.

Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар