Бокстан әлем чемпионаты: Сабыржан Аққалықов жарыстан шығып қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.

Сабыржан Аққалықов
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, Сабыржан алғашқы айналымда Украина елінің өкілі Павел Ильюшамен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен украиналық боксшы жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бейбарыс Жексен бокстан әлем чемпионатында үндістандық қарсыласын жеңді.

Аида Әбікеева 1/4 финалға өтті.

Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.

Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатында ¼ финалға өтті.

Соңғы жаңалықтар