Бокстан Әлем чемпионаты: Виктория Графеева 1/8 финалда англиялық қарсыласынан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Виктория Графеева (60 келі) ширек финалға шықты.

Виктория Графеева
Фото: ҰОК

Ол 1/8 финалда англиялық Люси Кингс-Уитлимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында барлық раунд Викторияның басымдығымен аяқталды. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді 10 қыркүйек күні Графеева ¼ финал аясында Ситора Турдыбековамен (Өзбекстан) күш байқасады.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі 1/8 финалда оңтүстіккореялық Мун Каенді жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді ел құрамасынан тағы жеті қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия (16:00)

55 келі. Махмұд Сабырхан — Башким Бажоку
80 келі. Нұрбек Оралбай — Тоқтарбек Таңатхан

Кешкі сессия (22:00)

48 келі. Назым Қызайбай — Лила Зелецкий
50 келі. Санжар Тәшкенбай — Хутхайха Эшиш
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов — Георгий Кушиташвили
70 келі. Наталья Богданова — Сема Чалышкан
65 келі. Ертуған Зейнулинов — Патрис Мугалзай.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

Соңғы жаңалықтар