Бокстан әлем чемпионатында 10 желтоқсанда кімдерге сенім артамыз
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 10 желтоқсанда ширек финалда ел құрамасынан он боксшы сынға түседі.
Жарыстың бұл сатысында Теміртас Жүсіпов. Даниял Сәбит, Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнулинов, Санатәлі Төлтаев, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Нұрлан Сапарбай ел намысын қорғайды.
10 желтоқсан
48 келі. Теміртас Жүсіпов — Лал Прасад Упрети (Непал)
54 келі. Сәкен Бибосынов — Муенго Муале (Замбия)
60 келі. Серік Теміржанов — Акмал Убайдов (Тәжікстан)
67 келі. Санатәлі Төлтаев — Асахужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
75 келі. Сабыржан Аққалықов — Мирослав Капулер-Ищченко (Израиль)
92 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай — Давид Чалоян (Армения)
51 келі. Даниял Сәбит — Патрик Чинемба (Замбия)
57 келі. Оразбек Асылқұлов — Карлос Мартиес Бернанд (Испания)
63.5 келі. Ертуған Зейнулинов — Ахмад Штиуи (Израиль)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Сархан Алиев (Әзербайжан).
Айта кетсек, әлем чемпионаты 1/8 финалында Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыластарына есе жіберді.
IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.