Бокстан әлем чемпионатында Ертуған Зейнулинов екінші жеңісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан Ертуған Зейнулинов (63.5 келі) шаршы алаңға шықты.

Ертуған Зейнуллинов
Фото: ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл жолы бейарап елдің өкілі Хосе Мануэль Агуйрэ Крузбен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті. 

Отандасымыз үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Ертуған бұдан бұрын моңғолиялық Даваадал Алтангэрэлді жеңген еді

Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі) танзаниялық Факи Исса Факиді тізе бүктірді.

Енді ел құрамасынан бүгін тағы төрт боксшы шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылар қатарынан енді күндізгі сессияда Дәулет Төлемісов (86 келі) өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен кездеседі.

Ал кешкі сессияда Даниял Сәбит (51 келі) Леник Фернандес (Кабо-Верде), Оразбек Асылқұлов (57 келі) Мукело Дламини (Эсватини), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Александр Радионов (Беларусь) сынды қарсыластарымен шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ 8 желтоқсанда ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар