Бокстан әлем чемпионаты: 7 мамырда төрт боксшы сынға түседі
Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипак Кумармен (А рингіндегі бірінші жекпе-жек), Серік Теміржанов (57 келі) венгриялық Роланд Верешпен (А рингіндегі бесінші жекпе-жек) кездеседі.
Ал, Нұрқанат Райыстың (75 келі) қарсыласы - доминикандық Дельгадо де лос Сантос. Олар Б рингінде он екінші жекпе-жекте шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда, Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) сириялық Мохаммед Млайеспен Б рингінде оныншы жекпе-жекте шаршы алаңға шығады.
Еске салсақ, 6 мамырда ел құрамасынан Дулат Бекбауов (67 келі) румыниялық Андрей Мустетті тізе бүктірсе, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) Тринидад және Тобаго елінен келген Аарон Принстің осал тұсын тапты.