Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов пен Бек Нұрмағанбеттің жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі
Жекпе-жектер елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Асланбек Шымбергенов (71 келі) 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахпен қолғап түйістіреді.
Ал Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадомен шеберлік байқасады.
Әлем чемпионатына қазақстандық құрамадан 13 боксшы барды.
Оның арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Сондай-ақ, алдағы күндерде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
Ұлттық құраманың бас бапкері - Қайрат Сәтжанов,
Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.