Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финал ойындары өтеді
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда бес қазақстандық шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сессияда Теміртас Жүсіпов (48 келі) беларус Евгений Кармильчикпен кездессе, Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Акашем Кумармен шеберлік байқасады. Ал Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзавамен қолғап түйістіреді.
Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) таиландтық Танарат Саенгфетпен кездессе, Серік Теміржанов кубалық Освель Кабальеро Гарсиямен жекпе-жекке шығады.
Боксшылардың ойын көрсету кестесі төмендегіше:
Күндізгі сессия
48 келі
Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Евгений Кармильчук (Беларусь)
Сахил Алахвердови (Грузия) - Вуттичаи Юрачаи (Таиланд)
54 келі
Акаш Кумар (Үндістан) - Махмуд Сабырхан (Қазақстан)
Томоя Цубои (Жапония) - Биллал Беннама (Франция)
60 келі
Абдумалик Халоков (Өзбекстан) - Даниял Шахбахш (Иран)
Софьен Умиха (Франция) - Алекси Де Ла Крус (Доминикан Республикасы)
67 келі
Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Севонрец Оказава (Жапония)
Лаша Гурули (Грузия) – Омари Джонс (АҚШ)
75 келі
Сальваторе Кавальяро (Италия) - Йоэнлис Эрнандес (Куба)
Джамбулат Бижамов (Ресей) - Веерапон Джонджохо (Таиланд)
86 келі
Виктор Шелстраэте (Бельгия) - Кено Машаду (Бразилия)
Херич Руис (Куба) - Лорен Альфонсо (Азербайжан)
92 келі
Мухаммад Абдуллаев (Әзербайжан) - Давит Чалоян (Армения)
Марк Петровский (Ресей) - Найджел Пол (Тринидад және Тобаго)
Кешкі сессия
51 келі
Роско Хилл (АҚШ) - Ахтем Закиров (Ресей)
Сакен Бибосынов (Қазақстан) - Танарат Саенгпхет (Таиланд)
57 келі
Джамал Харви (АҚШ) - Самуэль Кистохурри (Франция)
Серік Теміржанов (Қазақстан) - Освель Кабальеро (Куба)
63,5 келі
Керем Ёзмен (Түркия) - Рис Линч (Шотландия)
Энди Крус (Куба) - Сомчай Вонгсуван (Таиланд)
71 келі
Вадим Мусаев (Ресей) - Албан Бекири (Албания)
Юрий Захареев (Украина) - Сархан Алиев (Әзербайжан)
80 келі
Савелий Садома (Ресей) - Алексей Алфёров (Беларусь)
Владимир Мирончиков (Сербия) - Робби Гонсалес (АҚШ)
92 келі
Хулио Ла Крус (Куба) - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан)
Энмануэль Рейес (Испания) - Азиз Аббес Мухидин (Италия)
Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталса, кешкісі 23.00-де болады. Жекпе-жектер «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.