Бокстан әлем чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев жарысты жалғастырады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаев (90 келіден жоғары) жарысты жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: sports.kz

Бүгінгі кездесуде Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен сынға түсті. Қарсыласын нокаутқа жіберіп жарыстың келесі сатысына шықты.

Сондай-ақ, ел құрамасынан бүгін Санатәли Төлтаев (63,5 келі) 1/16 финалда Маврикий елінен келген Ришарно Колинге есе жіберді.

Сондай-ақ, ел құрамасынан бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келі) қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ал, Айбек Оралбай (92 келі) және Сағындық Тоғамбай (86 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.


Соңғы жаңалықтар