21:19, 23 Сәуір 2021 | GMT +5
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандықтар «алтын» мен «күміс» алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар әзірге бір алтын, бір күміс жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санжар Ташкенбай (49 келі) ақтық сында ресейлік Роберт Бадаляннан басым түсті. Осылайша өз салмағында жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.
Тағы бір боксшымыз Ерболат Сабыр (56 келі) финалда үндістандық Сачинге есе жіберіп қойды. Нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ, бүгін Елнұр Сүйінбай (60 келі) жапониялық Рейто Цуцумимен, Сабыржан Аққалықов (64 келі) украиналық Бозорбой Матякубовпен қолғап түйістіреді.
Естеріңізге сала кетелік, кеше, 22 сәуірде әлем чемпионатында қыздардан Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) мен Дана Дидай (75 келі) күміс жүлдегер болды.