Бокстан әлем чемпионаты: Саматәли Төлтаев жарысты жалғастырады

Саматәли Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Сулета Мореномен шеберлік байқасты.
Бірінші раундта қарсыластар тең деңгейде ойын көрсетті. Нәтижесінде 3 төреші Cаматәлиге қолдау білдірсе, екеуі колумбиялық спортшының жеңгенін көрсетті.
Екінші раундта да жекпе-жек тартысты өрбіді. Қазақстандық боксшының көбірек соққы жұмсағаны байқалып тұрды. Сол арқылы төрешілер шешімімен Саматәли қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.
Үшінші раундта да қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Қорытынды нәтижеде Саматәли жеңіске жетіп, жарыстың келесі сатысына шықты. Енді олфранциялық Софьян Умиамен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, алғашқы жекпе-жегінде Саматәли Төлтаев таиландтық Хунатип Пиднучты қапы қалдырған еді.
Сондай-ақ, бүгін Махмуд Сабырхан (54 келі) шотландиялық Мэттью Макхейлдің осал тұсын тапты.
Айта кетерлігі, әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды.
Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.
Бүгін 00:00-де Асланбек Шымбергенов (71 келі) неміс Магомед Шахидовпен кездеседі. Бұл - Асланбектің үшінші жекпе-жегі. Ол бұдан бұрын ол иран боксшысы Фархад Моради Аташгахты, өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты орта жолда қалдырды .
Ал 01:45-те Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен шаршы алаңға шығады. Ол бұған дейін польшалық Матеуш Березницкиді жеңді.