Бокстан әлем чемпионаты: Санатәли Төлтаев жеңісті жолды жалғастырды
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шыққандар қатарына тағы бір қазақстандық қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Санатәли Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкиймен қолғап түйістірді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы ширақ қимыл көрсетті. Нәтижесінде ол төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ширек финалға шыққан қазақстандық спортшылар қатарын толықтырды.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) ширек финалға жолдама алды.
Бүгін енді ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі) сайысқа түседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шықты.