Бокстан әлем чемпионатында Жайна Шекербекова ширек финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Жайна Шекербекова ширек финалға шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Жайна Шекербекова (52 келі) жапониялық Ринка Киноситамен жекпе-жек өткізді.

Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Осылайша ел құрамасынан бесінші боксшымыз 1/4 финалға шықты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалға шыққан еді.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Дина Жоламан (54 келі) шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар