01:01, 02 Мамыр 2023 | GMT +5
Бокстан әлем чемпионатының екінші күні Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев рингке шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні қазақстандықтар Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақытымен сағат 14.00-де басталатын күндізгі сессияда Сағындық Тоғамбай өнер көрсетеді.
Қазақстандық боксшы 86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Конго өкілі Натан Нланду Мбелимен шеберлік байқасады.
Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда бақ сынайды.
Оның қарсыласы – израильдік Ахмад Штиви.
Әлем чемпионаты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында қазақстандық қос боксшының әлем чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.