Бокстан әлем чемпионатының үшінші күні құрамалар қалай ойын көрсетті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы мен олардың қарсыластары қалай ойын көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан әлем чемпионатының үшінші күні құрамалар қалай ойын көрсетті
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Дүбірлі доданың үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан 1/16 финалда Талғат Сырымбетов (60 келі) төрешілердің даулы шешімімен иорданиялық Мохаммед Абу-Джаджехке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ал Өзбекстан сапынан Саиджамшид Джафаров (71 келі) Мозамбик боксшысы Тиагу Мухангуді жеңсе, Мужибилло Турсунов (60 келі) гамбиялық Марри Корраны нокаутқа жіберді.

Кубалық боксшылар қатарынан Эрисланди Альварес (60 келі) индонезиялық Джанлуиджи Калаипупинді нокаутқа түсірді.

Ал Хорхе Куэльяр (71 келі) австралиялық Дэйви Шеннанді тізе бүктірді.