13:07, 05 Сәуір 2022 | GMT +5
Бокстан Аятулла Тәкіжанов Таиландтағы турнирде жартылай финалға шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аятулла Тәкіжанов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 75 келі салмақта таиландтық Борворн Кадамнуанмен қолғап түйстірді. Алғашқы екі раундта төрешілер қазақстандық боксшының басымдығын мойындады. Үшінші раундта да сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Нәтижесінде төреші Аятулланың қолын көтерді.
Бұдан бұрын аталған салмақта ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов үндістандық Сумитке жол беріп қойды.
Айта кетсек, енді ел құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың екеуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда қарсыластарымен қолғап түйістіреді.
Халықаралық турнир 9 сәуірде мәресіне жетеді.