Бокстан Азия чемпионаты: Финалдағы қарсыластарымыз кімдер

АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыластары толығымен белгілі болды.

бокс
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Финалдық жекпе-жектер 9-10 сәуір күндері өтеді. 9 сәуір күні бұрымды боксшыларымыз алтын медальді сарапқа салса, 10 сәуір күні ерлер арасында ақтық сындар өтеді.

Қазақстан құрамасынан финалға кімдер шықты:

Ерлерден;

60 келі - Оразбек Асылқұлов

70 келі - Төрехан Сабырхан

75 келі - Сабыржан Аққалықов

85 келі - Нұрбек Оралбай

+90 келі - Айбек Оралбай

Әйелдерден;

70 келі - Бақыт Сейдеш

80 келі - Надежда Рябец

+80 келі - Дина Исламбекова

Финалдағы қарсыластарымыз кімдер?

9 сәуір (әйелдер):

70 келі - Бақыт Сейдеш – Арундхати Чоудхари (Үндістан)

80 келі - Надежда Рябец – Рухшона Парпиева (Өзбекстан)

+80 келі - Дина Исламбекова – Патан (Үндістан)

10 сәуір (ерлер):

60 келі - Оразбек Асылқұлов – Сачин (Үндістан)

70 келі - Төрехан Сабырхан – Зияд Ешааш (Иордания)

75 келі - Сабыржан Аққалықов – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)

85 келі - Нұрбек Оралбай – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

+90 келі - Айбек Оралбай – Данабек Байғазы (Қытай).

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық былғарықолғап шебері Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар