Бокстан Азия чемпионатында Аида Әбікеева алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Аида Әбікеева жеңімпаз атанды. 

Аида Әбікеева
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

А.Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта вьетнамдық Линх Ха Тхимен шеберлік байқасты.

Бірінші кезеңде Аида ширақ қимылдап, алға ұмтылған қарсыласын соққымен күтіп алып отырды – 5:0. Екінші раундта да жекпе-жек барысы өзгере қойған жоқ – 4:1. Үшінші кезеңде вьетнамдық боксшы басым болғанымен, қорытынды нәтиже 5:0 болды. Осылайша, Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына екінші алтынды түсірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында 5 қазақстандық алтынға таласатынын жазған болатынбыз. Қазақстандық Виктория Графеева бокстан Азия чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар