Бокстан Азия чемпионатында Наталья Богданова Қазақстанға үшінші алтынды әперді

АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Наталья Богданова жеңіс тұғырына көтерілді.

Наталья Богданова
Фото: Спортты дамыту дирекиясы

Н.Богдановаға 70 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Байсон Маниконмен жұдырықтасуға тура келді.

Бірінші раундта төрешілер түгелдей Натальяның басымдылығын тіркеді. Екіншісінде есеп 3:2 болды. Дегенмен үшінші кезеңде қайтадан 5:0-ге өзгерді. Қорытынды есеп – 5:0, Н.Богданованың пайдасында.

Осылайша, Наталья Богданова Қазақстан құрамасына үшінші алтынды әперді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында 5 қазақстандық алтынға таласатынын жазған болатынбыз.

Қазақстандық Виктория Графеева бокстан Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ бокстан Азия чемпионатында Аида Әбікеева алтын алды.

 

Соңғы жаңалықтар