Бокстан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қолаға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола жүлдені қанағат тұтты.

Жазира Орақбаева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жазира 52 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Феруза Казаковамен жұдырықтасты.

Төрешілер үш раунд бойы өзбекстандық боксшы басым деп тапты. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, бүгін шаршы алаңға шыққан қос отандасымыз өзбекстандық боксшыларға жол берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында 9 қазақстандықтың финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Әйгерім Сәттібаева қола жүлдегер атанды.

Ә.Сәттібаева 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен шеберлік байқасты. Екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді - 4:1.

Соңғы жаңалықтар