Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия чемпионатында ерлер арасындағы қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Естеріңізге сала кетелік , аталған турнир Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткізіледі. Оған еліміздің атынан барлық салмақтағы боксшылар қатысады.

Қазақстандық Даниал Сәбит (49 келі) алғашқы жекпе-жегінде индонезиялық Марк Лестер Дюренспен қолғап түйістірсе, Сәкен Бибосынов (52 келі) қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен шаршы алаңға шығады. Ал Махмуд Сабырхан (56 келі) үндістандық Мохаммед Хуссам Уддин, Серік Теміржанов (60 келі) ирандық Даниял Шахбахш, Закир Сафиуллин (64 келі) Ашкан Резаи, Абылайхан Жүсіпов (69 келі) БАӘ-нің өкілі Хусейн Аль-Кандари, Әбілхан Аманқұл (75 келі) кувейттік Саид Абасс Аль-Бахранимен шеберлік байқасады. Ал Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) ирандық Мейсам Гешлаги және үндістандық Сумит Сангван, Василий Левит (91 келі) үндістандық Эхсан Рузбахани мен кувейттік Салтан Аль-Шаммари жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі. Сондай-ақ, 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық Нарендермен қолғап түйістіреді.

Азия чемпионаты 24 мамырда басталып, 31 мамырда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар