Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт боксшы өзбекстандық қарсыластарымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылардың финалдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық доданың финалына еліміздің ерлер құрамасынан алты боксшы шықты. Олардың қатарында Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) бар.

Финалда қазақстандық төрт боксшы өзбекстандық былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіреді.

Қазақстандық спортшылардың қарсыластары төмендегіше:

48 келі. Санжар Ташкенбай - Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек - Флинт Джара (Филиппины)

57 келі. Махмуд Сабырхан - Саравут Суктхет (Таиланд)

67 келі. Абзал Серік - Бехзод Хамидов (Өзбекстан)

71 келі. Сабыржан Аққалыков - Нурислом Исмоилов (Өзбекстан)

75 келі. Диас Молжігітов - Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).

Құрлықтық дода финалы 26 қаңтарға белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында финалға шыққан спортшылар жөнінен Қазақстан екінші орында тұрғанын хабарлаған болатынбыз.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар