Бокстан Азия чемпионаты: Ләззат Күнгейбаева ел құрамасына сегізінші алтынды алып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында қыздар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынын сегізінші алтын медаль түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы алтынды Алуа Балқыбекова (48 келі) алып, ол ақтық сында өзбекстандық Гуласал Султоналиеваны қапы қалдырып кетті.

Ал Назым Қызайбай (51 келі) үндістандық Мэри Комды, Дина Жоламан (54 келі) үндістандық Ситора Шогдарованы, Римма Волосенко (60 келі) индохениялық Хусватун Хасаннан басым түсті.

Сондай-ақ, Милана Сафронова (64 келі) үндістандық Лалбуатсаихиді, Валентина Хальзова (69 келі) Навбахор Хамидованы жеңді.

Ал 81 келіде Фариза Шолтай өзбекстандық Сохиба Рузметовадан мықты екенін көрсетті.

Бүгін ел құрамасынан Ал Валентина Кухта (57 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Тағы бір боксшымыз Марина Вольнова (75 келі) қола жүлдегер атанды.

Осылайша қазақстандық құрама сегіз алтын, бір күміс пен бір қола медальға қол жеткізіп, жалы командалық есепті бірінші орынға табан тіреді.

Енді 31 мамырда ерлер арасында финалдық ойындар өтеді. Жарыстың аталған сатысында Қазақстан құрамасы сапында бес боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар.


Соңғы жаңалықтар