Бокстан Азия чемпионаты Үндістанда өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионаты Үндістан астанасы - Нью-Дели қаласында өтеді. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық дода 21-31 мамыр аралығында болады. Бұл биылғы жылғы басты оқиғаның біріне айналмақ.
Айта кетейік, сары құрлықтың былғары қолғап шеберлері 2019 жылы Таиланд астанасы – Бангкок қаласында ұйымдастырылды. Аталған турнир жарысқа келген спортшылар және қатысушы мемлекеттер саны жөнінен жаңа рекорд орнатқан болатын. Оған барлығы 34 елден 304 боксшы келді. Олардың арасында 112-сі әйелдер, 192-сі ерлер арасында бақ сынады.