Бокстан Елорда Кубогы: Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ерлер мен әйелдер арасында бокстан халықаралық «Елорда Кубогы» турнирінің екінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Халықаралық турнирде барлығы 10 елден 200-ден астам спортшы жарыс медаліне таласады. Олардың арасында Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.

Жарыста кейбір салмақтарда Қазақстан атынан бірнеше боксшы ел намысын қорғайды. Ел құрамасы сапында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және өзге де халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері сайысқа түседі.

29 маусым.

Күндізгі сессия. Ерлер

51 келі. Дарын Құлжабаев - Зорам Муана (Үндістан) 1:4

51 келі. Кенже Мұратұлы -Чжан Цзяо (Қытай) 5:0

51 келі. Жомарт Ержан -Дамир Әбдіқадыр 0:5

67 келі. Темірхан Тезек - Богдан Өтегенов 5:0

67 келі. Нұрқадам Әбдеш -Шамшер Саидов (Тәжікстан) 0:5

67 келі. Елнұр Сүйінбай -Мухаммет Бердібаев (Түркіменстан) 5:0

67 келі. Рахат Сейітжан - Бекзод Хамидов (Өзбекстан) 4:1

80 келі. Туохетаэрбеке Танглатян (Чехия) - Ерасыл Жакпеков 4:1

80 келі. Илья Киселев - Иссей Арамото (Жапония) 3:2

Кешкі сессия. Ерлер.

54 келі. Самат Жетібаев-Тимур Қабдеш 1:4

57 келі. Ерболат Сабыр - Асылжан Серікбай 0:5

57 келі. Серік Теміржанов - Нұрсұлтан Алтынбек 5:0

57 келі. Махмұд Сабырхан - Оразбек Асылқұлов 4:1

86 келі. Абзал Қуатбеков - Бауыржан Байғоншеков 3:2

86 келі. Жәнібек Қартбаев - Кәрімов Парвиз (Тәжікстан) 2: 3

86 келі. Сумит Сумит (Үндістан) - Бекзат Тангата 5:0

86 келі Сәкен Құсайынов - Шаймұрат Құсайынов 0: 5

92 келіден жоғары. Мейрамбек Берғанаев -Тойби Дамир 0:5.

Екінші жарыс күнінің нәтижесі. Әйелдер

50 келі

Назым Қызайбай - Чугамат Раксат (Таиланд) 3: 2

Алина Аманбаева - Содон-Од Биндерия (Mоңғолия) 0:5

Гүлнар Тұрапбай -Ушвиндер Каур Сидху (Үндістан) 4:1

Рухафзо Хакназарова (Тәжікстан) - Мөлдір Бойкова 5: 0

57 келі

Сю Цзычун (Қытай) - Назым Ишанова 5:0

Сәния Сұлтанқызы - Миджгона Самедова (Тәжікстан) 3:2

Виктория Графеева - Соня Латер (Үндістан) 5:0

60 келі

Пунам Пунам (Үндістан) - ШАХНАЗ Исаева 2:3

Аида Әбікеева - Бибинашастамо Холова (Тәжікстан) 5:0

Айдана Забынбекова - Ян Венлу (Қытай) 0: 5.

Енді 29 маусымда үшінші жарыс күні өткізіледі. Ал 30 маусымда ширек финал болса, 1 шілдеде жартылай финал өткізіледі.

Финалдық жекпе-жектер 2 шілдеге белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Халықаралық Олимпиада комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мойындаудан бас тартты.


Соңғы жаңалықтар