Бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды қаласында ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Фото: sports.kz

Ел біріншілігінде барлық салмақта жеңімпаздар анықталды.

Ерлер арасында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Тимур Қабдешов (54 келі), Талгат Сырымбетов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Азамат Бектас (80 келі), Данияр Рахимбердиев (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал әйелдерде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) алтыннан алқа тақты.

Еске салсақ, Төрехан Сабырхан тұңғыш рет ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды.