Бокстан Қазақстан чемпионаты: алғашқы 10 алтын медаль иегері анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Таразда бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Бүгін, 6 қарашада күндізгі сессияның қорытындысы бойынша алғашқы жеңімпаздардың есімі белгілі болды.
Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі), Элина Базарова (54 келі), Әділбек Қожахан (60 келі), Виктория Графеева (60 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Санжар-Әли Бегалиев (80 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дәулет Төлемісов (90 келі) алтын медаль жеңіп алды.
Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Диас Берікбай (50 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Бибарыс Жексен (60 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Аружан Жаңабаева (70 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, кешкі сессия 15:30-да басталады.
Осыдан бұрын Бокстан Қазақстан біріншілігінде ерлер арасында бас жүлдеге кімдер таласатынын жаздық.