Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкеріне көлік пен пәтер кілті табысталды

АСТАНА. KAZINFORM- Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіліп, оған автокөлік пен үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкеріне көлік пен пәтер кілті табысталды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл сый-сияпатты Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев тапсырды. Атап айтқанда, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін берді.

Айта кетсек, Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді.

Енді бұл қызметті Нұржан Насанов атқаратын болды. 

Соңғы жаңалықтар