Бокстан ҚР-дың еңбегі сіңген жаттықтырушы: Ата Заң күні - еліміздің ұлы мерекелерінің бірі

«Бүгін біз мемлекетіміз Ата Заңының 20 жылдығын атап өтудеміз. 1995 жылы елде референдум өтті. Ол кезде мен Қазақстан Республикасы құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрі болып қызмет атқарған едім. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз үгіт-насихат командасын қалыптастырған болатынбыз. Оның құрамында Үкімет мүшелері, министрлер, академиктер және басқалары қамтылды. Маған сол кезде 10 күн бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған-ды»,-деді Амалбек Тшанов.
Ол өзін 1995 жылғы жауапкершілігі мол шараларға қатысушылардың бірі деп санайтындығын айта келе, «осы орайда бүгінгі атаулы күнмен барша Қазақстан халқын құттықтаймын! Конституция - ол еліміздің Негізгі заңы екенін барлығы біледі, сондықтан бұл күнді ұлы меркелердің бірі деп санаймын»,-деді.