Бокстан лицензиялық турнир: Бүгін шаршы алаңға қазақстандық боксшылардан кімдер шығады?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайда өтіп жатқан бокстан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарына жолдама таратылатын турнирінің жартылай финалдық бәсекелері басталады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай осы кезеңнен сүрінбей өткен боксшылар Рио Олимпиадасының лицензиясын қанжығасына байлайтын болады.

Назарларыңызға бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық бокшылардың есімдерін ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

Күндізгі сессия:

Сағат 12:00

Ерлер:

56 келі:

Шива Тапа (Үндістан) - Қайрат Ерәлиев (Қазақстан)

64 келі:

Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Цянксун Ху (Қытай)

75 келі:

Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) - Шинебаяр Нармандах (Моңғолия)

Қыздар:

75 келі:

Дариға Шәкімова (Қазақстан) - Ун Жанг (Корея)

Кешкі сессия:

Сағат 16:00

52 келі:

Жиангван Ху (Қытай) - Олжас Сәттібаев (Қазақстан)

81 келі:

Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Азиз Ачилов (Түркменстан)

+91 келі:

Иван Дычко (Қазақстан) - Хусейн Яшаиш (Иордания)

Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап «Kazsport» телеарнасы турнирдің жартылай финалы мен финалдық бәсекесін тікелей эфирде көрсететіні туралы хабарлаған болатын. Жерлестерімізге жанкүйерлік танытып, жеңісіне бірге куә болайық.

Күнсұлтан Отарбай

Соңғы жаңалықтар