Бокстан лицензиялық турнир: Ел намысын қорғайтын бұрымдылар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін Париж Олимпиадасына жолдамлар сарапқа салынатын әлемдік лицензиялық турнирде ел намысын қорғайтын қыздардың есімдері белгілі болды.

бокс қыздар
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додада 114 елден 668 спортшының қатарында қазақстандық былғары қолғап шеберлері де бар.

Бұл сында Қазақстан әйелдер құрамасынан бес салмақта боксшылар Олимпиада жолдамасына таласады.

Олар: 
50 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Жайна Шекербекова
60 келі. Римма Волосенко
66 келі. Наталья Богданова
75 келі. Валентина Хальзова

Италияда әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынса, ерлер арасында 28 жолдама үлестріледі.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.

Айта кетейік, осыған дейін аталған лицензиялық турнирге ерлер құрамасынан кімдер баратынын жазған болатынбыз.