Бокстан лицензиялық турнир: Римма Волосенко ширек финалға шықты

бокс
Фото: Бокс федерациясының баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Римма Волосенко үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ол бүгін Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан айласын асырды. Аса тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді.

Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын ертең өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз кеше венгриялық Петра Сабомен жұдырықтасып, қарсыласын еш қиындықсыз жеңген болатын.

Ал бірінші жекпе-жегінде Тринидад Тобаго елінің өкілі Тианна Гуимен кездесіп, төрешілер шешімімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар