Бокстан Олимпиадаға соңғы лицензиялық турнир: Назым Қызайбай жарысты жеңіспен бастады

Банкгогтағы іріктеу турнирі
Фото: instagram.com/qaz_team_official/

АСТАНА. KAZINFORM - Таиландының Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде бүгін ел құрамасының сапынан Назым Қызайбай (50 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Бұл жолы қазақстандық боксшы словакиялық Николь Дуриковамен кездесті. Словакиялық спортшы өз елінің чемпионы, 22 жасқа деййінгі жастар арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері болған.

Жекпе-жек барысында Назым сенімді ойын көрсетті. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Сәлден соң төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, Назымның жеңіске жеткенін мәлім етті.

Назым Қызайбай 1993 жылы дүниеге келген. 2014, 2016 жылдарда әлем чемпионы атанса, 2012 жылы күміс медаль алды. Ал, 2021 жылы Азия чемпионы тұғырына көтерілді.

Айта кетсек, әйелдер құрамасында одан басқа Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ ерлер құрамасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) шаршы алаңға шығады

Соңғы жаңалықтар