13:22, 03 Сәуір 2024 | GMT +5
Бокстан спаррингтік турнир: қыздар арасындағы тізімге өзгеріс енді
АСТАНА. KAZINFORM — 8-10 сәуір күндері Астанада бокстан спаррингтік жекпе-жектер өтеді. Бүгін қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Атап айтар болсақ, 54 келіде Дина Жоламан да бақ сынайды. Ол Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы.
Сондай-ақ 66 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова өз мүмкіндігін пайдаланып көрмек.
Айта кетелік, спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен дәріс беретін қанша маман бар екенін жазған едік.