Бокстан «Странджа» турнирі: Нұрқанат Райыс жарысты жалғастырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде Нұрқанат Райыс жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 75 келі салмақта сынға түсті. Ол 1/8 финалда австралиялық Доминик Молинародан төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін жарыстың аталған сатысында Қамшыбек Қоңқабаев нидерландтық Стэн Бертенсті екінші раундта нокаутқа жіберді.

Ал Ерасыл Таңқай (60 келі) филиппиндіку Пол Джулайфер Басконға, Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) өзбекстандық Мужибилло Турсуновқа есе жіберді.

Оған дейін Бекзат Алдамжаров (54 келі) франциялық Биллал Беннамаға есе жіберіп, жарыстан тыс қалды.

Еске салсақ, аталған жарысқа қазақстандық 13 былғары қолғап шебері барған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram